Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды

13 Маусым 2025, 14:09
806
Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды, бірнеше адам ауыр жарақат алды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қайғылы жағдай 12 маусымға қараған түні, тас жолдың 153-шақырымында орын алған. Апат Астана – Ерейментау – Шідерті тас жолында тіркелген. Оқиғаға жолға шығып кеткен жылқы себеп болған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Kia Rio көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Осы көліктің жүргізушісі, сондай-ақ Subaru Forester көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді, – деп нақтылады полиция.

Қазір бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерге трагедияның алдын алу үшін, әсіресе жарықтандырылмаған жол учаскелерінде жылдамдықты шектен асырмай, көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі тексеріп тұру қажет екенін ескертті.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында көлік аялдамаға соғылып, екі адам мерт болғаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы