Ақмола облысында ТЖМ тікұшағы апатты жағдайда қонды

25 Қазан 2022, 17:33
1089
Бөлісу:
Ақмола облысында ТЖМ тікұшағы апатты жағдайда қонды
Фото: BAQ.KZ

ТЖМ тікұшағы Ақмола облысында апатты жағдайда шұғыл жерге қонды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бұл «құтқару рейсі» емес.

Жақында Жезқазғаннан Көкшетауға әуе кемесі әкелінген еді. Қозғалтқыштардың біріндегі дірілдің бар-жоғы туралы белгі беріп тұратын көрсеткіш тақта жанып кетті. Тікұшақ ешқандай кедергісіз қонды, ештеңеге зақым келмеді. Экипаж кәсіби және толықтай нұсқаулыққа сәйкес әрекет етті. Оқиға орнына мамандар жөнелтілді, олар тұжырымдама жасайды, - делінген ведомство таратқан хабарламада. 

Ведомство тікұшақ толықтай тексерістен өткізіледі деп отыр. 

Өзгелердің жаңалығы