Ақмола облысында тұрғын үй құрылысы кезінде 50 млн теңгені жымқырып қалған

18 Қаңтар 2024, 12:37
389
Бөлісу:
Ақмола облысында тұрғын үй құрылысы кезінде 50 млн теңгені жымқырып қалған
Фото: Арман Мухатов - архив

Прокуратура тұрғын үй салу кезінде жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көкшетау қалалық сотының үкімімен 50 млн.теңгеден астам жымқыру жасағаны үшін тапсырыс берушінің өкілі ретінде үйді қабылдап, мердігерге іс жүзінде аяқталмаған жұмыс үшін төлеген құрылыс басқармасы бастығының орынбасары 8 жылға, мердігер ұйымның басшысы 7 жылға, сондай-ақ нысан құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асырған сарапшы 2 жылға бас бостандығынан айрылды, - делінген хабарламада.

Үкімге Ақмола облысы прокуратурасының құрылыс басқармасының қызметін тексеру нәтижелері негіз болды.

Осылайша, жоғарыда аталған тұлғалар Щучинск қаласында 50 млн теңгеден астам сомаға жобалық-сметалық құжаттамадан көптеген кемшілік пен ауытқулары бар 100 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға қабылдағаны анықтады.

Прокуратураның тексеру материалдары тергеп-тексеру сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылған қылмыстық кодекстін 189 бабының 4 бөлігі (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша СДТБТ-да тіркелді.

Сотта соттталушылардың кінәсі толығымен дәлелденіп, іс бойынша айыптау үкімі шығарылды.

Сонымен қатар, үкімге облыс прокуратурасы наразылық білдіріп, сотталғандарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы