Ақмола облысында көлік мотоциклмен соқтығысты: жасөспірімдер зардап шекті

 архив 1 Қараша 2026, 06:34
1 Қараша 2026, 06:34
144
Фото: архив

Ақмола облысының Макинка ауылында Mazda MPV автокөлігі мен мотоцикл соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған екі жасөспірім зардап шекті.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 30 қазанда болған. Мотоцикл жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция өкілдері ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударуға, кәмелетке толмағандарға мотоцикл басқаруға рұқсат бермеуге және көлік құралдарының кілттерін олардың қолына ұстатпауға шақырды.

Наверх