Ақмола облысында Есіл су реттегіші салынады

26 Наурыз 2024, 12:48
306
Бөлісу:
Ақмола облысында Есіл су реттегіші салынады
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын су тасқынынан қорғау үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Есіл су реттегішін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмысын аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Ақмола облысында Есіл су реттегішін салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмысын аяқтауда.

Нысан Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы елдімекендерді су басу қаупін азайтуға, сондай-ақ жалпы ауданы 25 мың гектарға дейін Ақмола облысының суармалы жерлерін сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Су реттегіші Есіл өзенінің төменгі ағысы арқылы су тасқынының бір бөлігін қауіпсіз өткізу үшін суды ұстап тұруға немесе қайта бағыттауға, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев және Петропавл су қоймаларының тұрақты жұмысы үшін қажет.

Жоба бойынша құжаттар әзірленгеннен кейін мемлекеттік сараптама қорытындысын алу үшін тиісті мекемеге жіберіледі. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы осы жылдың бірінші жартыжылдығында дайын болады деп күтіліп отыр. Нысанның құрылыс жұмыстары 2025-2027 жылдар аралығында іске асырылады, –деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Өзгелердің жаңалығы