Ақмола облысында ауылшаруашылығы өнімдерінің тасымалына шектеу қойылды

3 Қыркүйек 2023, 16:07
684
Бөлісу:
Ақмола облысында ауылшаруашылығы өнімдерінің тасымалына шектеу қойылды

Ақмола облысында сібір жарасының өршу фактісі тіркелді. Адамдар арасында тіркелген 10-нан астам жағдайға байланысты өңірден барлық ауылшаруашылық өнімдерін шығаруға шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, облыс тұрғындары арасында сібір жарасын жұқтырудың 12 жағдайы расталып, осыған байланысты ауқымды зерттеулер жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде өңірден өнім шығаруға тыйым салу туралы шешім қабылданды.

Барлық тексерілген ошақтарда дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Ауылшаруашылығы өнімдерінің өңірден тыс тасымалына шектеу шаралары енгізілді. 536 келі ет өртеліп, жойылды. Ет аймақтан тыс ешқайда тасымалданбаған. Инфекция ошағын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сібір жарасы ошағын оқшаулау бойынша эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жалғасуда, – делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы