Ақмола облысында аң аулау ережесін бұзған 75 азамат жауапқа тартылды

1 Ақпан 2024, 21:08
481
Бөлісу:
Ақмола облысында аң аулау ережесін бұзған 75 азамат жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзған 75 азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында 2024 жылғы 1-29 ақпан аралығында облыс аумағында “Браконьер” жедел–профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері жыл басынан бері аң аулау ережелерін бұзғаны үшін 75 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартып, балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 18 хаттама толтырды. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша Ақкөл және Шортанды аудандарында Сібір еліктерінің 2 дарасын ату фактілері бойынша сотқа дейінгі 2 тергеу басталды.

Заңсыз аң аулағаны үшін, біліктілігіне қарай қылмыстық заңнамада үш мың АЕК мөлшерінде айыппұл салу не үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Егер қылмыс ерекше қорғалатын аумақта не құрып кету қаупі төнген сирек жануарларға қатысты жасалса, онда кінәлі адамға алты мың АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, – дейді жергілікті полиция қызметі басқармасы. 

Мәселен, өткен 2023 жылы департамент Ақмола облысында қабан, елік және ақбөкенді заңсыз аулау фактілері бойынша сотқа дейінгі 13 тергеуді аяқтады.

Өзгелердің жаңалығы