Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 сәуірде Көкшетау қаласында ҰҚК полицияның жеке қауіпсіздік бөлімшесімен бірлесіп, Ақмола облысы ПД басқарма бастығы мен аға жедел уәкілін ұстады.
ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған адамдар лауазымдық өкілеттіктерді теріс және асыра пайдаланды деп күдіктелуде.
Процессуалдық іс-шаралар барысында тергеліп жатқан іске қатысы бар ақшалай қаражат алынды.
Ұсталғандарға «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚК 361-бабы 2-1-бөлігі және 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.