Ақкенттегі өртенген үй қалпына келтірілді

30 Қыркүйек 2023, 17:15
1150
Бөлісу:
Ақкенттегі өртенген үй қалпына келтірілді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда өрттен зардап шеккен Ақкент ықшамауданындағы 54-ші үйдің тұрғындары үйлеріне қоныстанды, деп хабарлайды, BAQ.KZ тілшісі.

Қалпына келтіру жұмыстары мерзімінде жүргізілген. Пәтерлердің кіреберісі, бояуы, тұсқағазы, есіктері мен терезелері жаңартылған.

Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков кабельдік сымдар мен есептегіштер жаңасына ауыстырылғанын атап өтті.

1 тамызда өрт шыққан уақыттан бастап, тұрғындардың қауіпсіздігіне жауапты болдық. Әкімдік барлық тұрғындарға қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін тұрғын үйді жалға алуға қаражат төлейді деп уәде бердік. Уәдеміз орындадық. Балаларды мектепке және мектепке дейінгі мекемелерге орналастыруға көмек көрсетілді. 30 қыркүйекке қарай барлық тұрғындар пәтерлеріне оралды. Сондай-ақ Ақкент ықшамауданындағы барлық тұрғын үйлердің өртке қауіпсіздігі тексеруден өтті, - дейді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.

Жөндеу жұмыстарын "Болашақ s құрылыс" ЖШС жүргізген. Алатау ауданы бойынша ТЖ басқармасының бастығы, майор Ғалымхан Мұхамеджан Ақкентте жоспардан тыс 16 және 9 қабатты 56 үй тексерілгенін айтты.

Бір күнде үйімізден айырылдық. Дегенмен ел болып бұл қиындықты да артта қалдырдық. Осы ретте әкімдік пен мен қала билігіне пәтерлер мен бүкіл үйді жөндегені үшін, сондай-ақ қалпына келтіру кезеңінде уақытша баспана төлегені үшін алғыс айтамыз. Баспанамыз қайта қалпына келтірілді. Барлық тұрғындар қуанышты әрі бақытты, - дейді тұрғын Тілеужан Ахметханов. 
Еске сала кетейік, Алматыда 1 тамыз күні 16 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шыққан болатын. Өрттен қашқан тұрғындар пәтерлерінің терезелерінен секіріп, балаларын сыртқа лақтырған еді.

Өзгелердің жаңалығы