Аптап ыстық басталғалы суға кету оқиғалары жиілеп кетті: ШҚО ТЖД дабыл қақты

1 Шілде 2021, 21:10
4464
Бөлісу:
Аптап ыстық басталғалы суға кету оқиғалары жиілеп кетті: ШҚО ТЖД дабыл қақты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары дабыл қағып жатыр. Өңірде аптап ыстық басталғалы суда кету оқиғалары жиілеп кеткен деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Кеше кешке Күршім ауданының ЖҚБ қызметкерлері Күршім өзенінен ер адамның денесін шығарды. Құтқарушыларға шақыру өзенге шомылу кезінде батып бара жатқан адамды байқаған азаматтан келіп түсті. Алдын ала себеп - тыйым салынған жерде шомылу. 

ТЖД қызметкерлері полиция қызметкерлерімен және волонтерлермен бірлесіп, шомылуға тыйым салынған орындар бойынша 1976 рейд ұйымдастырды, оның барысында демалушылармен әңгімелер жүргізілді, жадынамалар таратылды. Дегенмен халық әлі де тыйым салынған және белгіленбеген орындарда шомылуды жалғастыруда. Бұл қайғылы оқиғаларға ұшыратып жатыр. Шомылу маусымы басталғаннан бері облыста 10 адам суға кетті, оның ішінде үшеуі - бала, - делінген ТЖД таратқан хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы