Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2009 жылдан бері америкалық компанияның қағаздарының бағасы он еседей қымбаттаған.
2 қаңтарда америкалық Apple компаниясы акцияларының бағасы алғаш рет 300 доллардан асты. Бұл туралы Financial Times басылымы жазады.Сауда жабылғанға дейін компания қағаздарының бағасы 2,3%, яғни 300,35 долларға дейін өскен.
Apple нарықтық капитализациясы 1,33 трлн долларға жетеді. Капитализация бойынша екінші орында 1,23 трлн доллармен Microsoft келе жатыр.
Apple акциялары 2018 жылдың тамызында алғаш рет 200 доллардан асқан болатын. Ал 2009 жылдан бері компания қағаздарының құны он есеге дейін өсті.