Апатиядан шығуға көмектесетін дағдыларды дамытамыз – Бегалиева

1 Қараша 2022, 17:00
1251
Бөлісу:
Апатиядан шығуға көмектесетін дағдыларды дамытамыз –  Бегалиева

Орал қаласында 18 жастан 40 дейінгі жастарға білім беру интенсиві өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл – веб-шебер және тестілеу бойынша IT-инженер бағыттары бойынша бейіндік дағдыларды үйренумен қатар, тиімді коммуникация, көшбасшылық, ораторлық шеберлік және басқа да дағдыларды меңгеретін мамандарды қалыптастырудағы оқытудың бірінші кезеңі.

Апатиядан шығуға көмектесетін дағдыларды дамытамыз –  Бегалиева

Ұзақ уақыт жұмыс істей алмайтын адамның мотивациясы төмендейді, нәтижесінде әлеуметтік апатия пайда болады. Еңбекке қабілетті жас тұрғындар арасында ұзақ уақыт сақталатын жұмыссыздықтың жоғары деңгейі өңірдегі қылмыстың ұлғаюын ынталандырады және біздің міндетіміз жастардың кәсіби дағдыларын дамытып қана қоймай, олардың қиын жағдайлардан, апатиядан шығуға көмектесетін дағдыларын дамытамыз - дейді жоба авторы, ITeachMe қорының директоры Захира Бегалиева. 

Апатиядан шығуға көмектесетін дағдыларды дамытамыз –  Бегалиева

Жоба Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында іске асырылып жатыр. Оған қатысуға барлығы 200-ге жуық өтінім келіп түсті. Алайда іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған 61 адам жоба студенттері болды. Енді оларды таңдалған бағыт бойынша үш айлық онлайн оқыту күтеді. Үздік студенттерге жұмысқа орналасуға және алған барлық дағдыларын оқу аяқталғаннан кейін бірден қолдануға мүмкіндік беріледі.

Апатиядан шығуға көмектесетін дағдыларды дамытамыз –  Бегалиева

Айта кетейік, бұл іс-шара ITeachMe қоры мен Шелл Қазақстан компаниясы ұйымдастырған OrleTech жаңа жобасы аясында ұйымдастырылған.   

Өзгелердің жаңалығы