АӨК кешенін дамытудың ұлттық жобасы талқыланып жатыр - АШМ

2 Наурыз 2021, 09:30
1241
Бөлісу:
АӨК кешенін дамытудың ұлттық жобасы талқыланып жатыр - АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров АӨК-ті дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобаларды іске асыру туралы өткен  Үкімет отырысында айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін қазіргі уақытта келесі бес жылға арналған жаңа Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба агробизнеспен, ғылыммен талқылануда, - деді ол. 
Ол атағандай,  барлық шара агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобаға енгізілетін болады. 
Жүргізіліп жатқан шаралар нәтижесінде бес жыл ішінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру, өнім экспортын, ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің табысын 2 есеге ұлғайту, сондай-ақ салаға 4,1 трлн теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл қосымша 500 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді, - деді Омаров.
Естеріңізге сала кетейік, министр алдағы үш жылда 11 құс фабрикасы ашылатынын, қант тапшылығы 240 мың тоннаны құрап отырғанын, ауылдарда микрокредит беру жалғасатынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы