Анықтамасыз келген 38 азаматтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті

30 Наурыз 2021, 14:56
1268
Бөлісу:
Анықтамасыз келген 38 азаматтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 29 наурызында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты таратты.

2021 жылдың 29 наурызында Қазақстан аумағына БАӘ, Мысыр, Мальдив Республикасы, Түркия, Грузия, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 35 халықаралық әуе рейсі келді.

4 923 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 910 адам, анықтамасыз 13 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 587 жолаушы, анықтамамен – 2 580, анықтамасыз – 7;

Шымкент қаласының әуежайына – 6 рейс, барлық 679 жолаушы анықтамамен келген;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 727 жолаушы, анықтамамен - 721; анықтамасыз - 6;

Ақтау қаласының әуежайына – 5 рейс, барлық 775 жолаушы анықтамамен келген;

Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 155 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 28 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәліметке сүйенсек, анықтамасыз келген 38 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы