Анықтамасыз келген 22 азаматтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті

6 Сәуір 2021, 13:36
1204
Бөлісу:
Анықтамасыз келген 22 азаматтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі 2021 жылдың 5 сәуірінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты таратты.

2021 жылдың 5 сәуірінде Қазақстан аумағына Испания, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 22 халықаралық әуе рейсі келді.

2 915 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 886 адам, анықтамасыз 29 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 324 жолаушы, анықтамамен - 1 316, анықтамасыз - 8;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 816 жолаушы, анықтамамен - 795, анықтамасыз - 21;

Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 345 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 144 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы анықтамамен келген;

Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 134 жолаушы анықтамамен келген;

Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сонымен қатар комитет 2021 жылдың 4 сәуірінде шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәліметті ұсынды.

Анықтамасыз келген 22 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы