Анықтамасыз 513 жолаушы келген

14 Наурыз 2021, 11:46
1309
Бөлісу:
Анықтамасыз 513 жолаушы келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 наурызда ел аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді.

2 621 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 108 адам, анықтамасыз 513 ел азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 368 жолаушы, анықтамамен - 2 169, анықтамасыз - 199;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 432 жолаушы, анықтамамен - 378; анықтамасыз - 54;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 326 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 80; анықтамасыз - 58;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 160 жолаушы, анықтамамен - 70; анықтамасыз - 90;

Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 12 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген 273 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
Өзгелердің жаңалығы