Антикордың қызметкері сотталды

8 Қыркүйек 2022, 11:42
1475
Бөлісу:
Антикордың қызметкері сотталды

Әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін Маңғыстау облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотталған тергеушісі А. Ізбасар туралы ақпарат таратылды, деп хабарлады BAQ.KZ. 

Ізбасарға қатысты Ақтау қалалық сотымен үкім шығарылып, заңды күшіне енді.

Үкімге сәйкес Ізбасарға арнайы атақтан айыра отырып, 15 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

А. Ізбасарды Агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері әшкерелегенін атап өту керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлыққа қарсы, оның ішінде өз қатарларында ымырасыз күрес жүргізеді.

Өзгелердің жаңалығы