Антикор жас қызметкерлермен толықтырылды

6 Шілде 2023, 10:18
609
Бөлісу:
Антикор жас қызметкерлермен толықтырылды
Фото: Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 46 қызметкері Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жас офицерлер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға және өздерінің барлық іс-әрекеттерінде заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын ұстануға міндеттенді.

Агенттік Төрағасының бұйрығымен оларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лейтенанттары алғашқы арнаулы атақтары берілді.

Аумақтық департаменттердің басшылары жаңа қабылданған қызметкерлерді құттықтап, қоғам мен мемлекеттің жоғары сенімін ақтауға, қызметтерін абыроймен атқаруға, кәсіби борыштарын лайықты орындауға шақырды.

Барлық жаңа қызметкерлер Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 6 айлық бастапқы кәсіптік даярлықтан өтті. Олар сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық департаменттерінде тағылымдамадан өтті.

Алғашқы кәсіби дайындықтың келесі кезеңі 2023 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.

Тіркелу туралы Агенттіктің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында қосымша жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы