Антикор: Тағы бір шенеунік күдікке ілінді

31 Тамыз 2023, 15:57
10672
Бөлісу:
Антикор: Тағы бір шенеунік күдікке ілінді
Фото: Polisia.kz

Жетісу облысында департамент басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті облыстық департаменті басшысының заңсыз қызметінің жолын кесті.

Шенеунік медициналық қызмет көрсету және тиісті лицензия беру жөніндегі қызметін жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілініп отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, - деп ақпарат таратты Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметі.

Департамент басшысы мен пара берушілерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы