Антикор «Қазақстан темір жолындағы» жемқорлық тәуекелдерін талдайды

11 Тамыз 2022, 13:20
1320
Бөлісу:
Антикор «Қазақстан темір жолындағы» жемқорлық тәуекелдерін талдайды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға кіріседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың басталғаны туралы хабарлады. 

Талдауды Агенттіктің, Ұлттық компанияның, мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары және азаматтық қоғам өкілдері жүргізетін болады. 

Талдау барысында темір жол саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалу себептері мен жағдайлары зерделенетін болады, бұл ұлттық оператор қызметінің тиімділігіне, бұрын мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан алынған қаражаттың жұмсалуына әсер етеді.

Өзгелердің жаңалығы