Антикор: 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған басшыға қатысты тергеу аяқталды

2 Сәуір 2021, 16:31
1749
Бөлісу:
Антикор: 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған басшыға қатысты тергеу аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AntikorNews алаңында өткен тікелей эфирде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров 100 мың АҚШ доллары сома көлемінде пара алған мемлекеттік қызметі туралы айтты.

Антикорда хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (МКД) басқармасының бұрынғы басшысына қатысты аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтады. 

Ол салықтық тексеруді уақытылы және кедергісіз аяқтағаны үшін 100 мың АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ МКД тарапынан басқа кәсіпорындардың коммерциялық қызметін кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік берген, - деп айтты тергеуші Бекайдаров. 

Аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталғады. Қазіргі таңда қылмыстық іс материалдарымен танысу жүргізіліп жатыр. 

Одан бөлек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жеделдетілген тәртіппен Қазақстандағы тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы және «Бәйтерек» холдингіне кіретін «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Ол ортақ мүлікті басқару бойынша ұйымның қызмет көрсету актісіне қол қойғаны үшін заңды тұлғаның құрылтайшысынан 2,4 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Күдіктінің кінәсін сот шешімі анықтайды, - деп атап өтті ол.
Бұған дейін компьютерге бөлінген ақшаны ұрлаған 5 өңірдің лауазымды тұлғалары анықталды.

Өзгелердің жаңалығы