Антидене адам ағзасында қанша уақыт сақталады?

3 Желтоқсан 2020, 09:44
3923
Бөлісу:
Антидене адам ағзасында қанша уақыт сақталады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапондық дәрігерлер коронавирусқа шалдыққан адамдарда антидене қанша уақытқа дейін сақталатынын анықтады.

Йокогамадағы дәрігерлер зерттеу жүргізіп, коронавирусқа шалдыққан адамдарда антиденелер кем дегенде алты ай сақталатынын анықтады. 

Бұл туралы РИА Новости хабарлады. Мамандар коронавируспен ауырған 20 мен 70 жас аралығындағы 376 адамға зерттеу жүргізді. Олар жарты жыл бұрын осы індетке шылдаққан болатын. Анықталғандай антиденелер олардың қанының құрамында әлі күнге дейін сақталған. Коронавирустың жеңіл түрімен ауырған адамда 97 пайыз, ал ауыр түрімен ауырып шыққан адамда 100 пайыз антидене болған. 

Зерттеуге қарағанда адам коронавирустың ауыр түріне шалдықса, соғұрлым антидене көп болады. 

Дәрігерлер жарты жылдан кейін антиденелер адам ағзасында жарты жылдан артық сақтала ма, жоқ па екенін білу үшін тағы бір зерттеу жүргізбек. 

Бірақ дәрігерлер антиденелері бар адамдар коронавирусты қайта жұқтырып алмайтындығына кепілдік бере аламайды. Сондықтан жеке бас қауіпсіздігін әрдайым сақтап жүру керектігін ескертеді.


Өзгелердің жаңалығы