Анталия – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 2 жолаушыдан коронавирус анықталды

27 Желтоқсан 2020, 11:28
1141
Бөлісу:
Анталия – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 2 жолаушыдан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Үндістан, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді.

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

1 606 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 336 адам, анықтамасыз 270 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 795 жолаушы, анықтамамен – 706, анықтамасыз - 89;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 416 жолаушы, анықтамамен - 346; анықтамасыз - 70;
Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 238 жолаушы, анықтамамен - 135; анықтамасыз - 103;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 142 жолаушы анықтамамен келді;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 15 жолаушы, анықтамамен - 7; анықтамасыз - 8.


Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2020 жылдың 25 желтоқсанында анықтамасыз келген 206 ҚР азаматының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Анталия – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 2 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Өзгелердің жаңалығы