Әншіліктен волонтерлікке дейін....

21 Маусым 2023, 21:15
843
Бөлісу:
Әншіліктен волонтерлікке дейін....
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Халук Левент 2017 жылы «AHBAP» үкіметтік емес ұйымын құрған. 2023 жылға қарай Түркияның 68 қаласында жұмысын жалғастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақпан айындағы Түркиядағы зілзала кезінде «AHBAP» ҮЕҰ зардап шеккендерге көмек беруі оны түрік халқының арасында өте танымал болуына себеп болды. Өнерпаз аз уақыт ішінде рекордтық 50 млн еуро қаржы жинап, волонтерлерді төтенше жағдай орын алған аймаққа баруға бар күшін жұмылдырды. 2023 жылы Левент Time журналының «Әлемдегі ең ықпалды 100 адам» тізіміне енді.

Әншіліктен волонтерлікке дейін....
Түркиялық БАҚ

Астанада өтіп жатқан Халықаралық волонтерлер форумына қонаққа келген Халук Левент күллі түркі әлемінің қабырғасын қайыстырған Түркиядағы зілзала кезінде алғаш боп қол ұшын созған қазақ еліне иіліп алғыс айтты. Қазақстандағы достарының көмекке келгенін сөз ете отырып, әнімен шашу шашты.

Әншіліктен волонтерлікке дейін....
Түркиялық БАҚ
Өзгелердің жаңалығы