Әнші Жазира Байырбекова кеудесі ашық қызды ұзатқанына қатысты пікір білдірді

13 Қаңтар 2024, 17:17
5629
Бөлісу:
Әнші Жазира Байырбекова кеудесі ашық қызды ұзатқанына қатысты пікір білдірді
VIDEO
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Белгілі әнші Жазира Байырбекова ашық-шашық той көйлегін киген бойжеткенді ұзатып, оны өз әлеуметтік желісіне жариялағаны үшін басы дауға қалып еді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақ қыздарының біршамасын ұзатып, ел батасын алып жүрген әнші Жазира Байырбекова екі апта бұрын кезекті тойына барған. Онда кеудесі тым ашық той көйлегін киген қызды ұзатқан. Тойда түсірілген видеоны Instagram-дағы парақшасына салған. 

Бүгін сол видеоға қатысты пікір білдіріп, оқырмандарының реніші туралы айтып өтті. 

Кеудесін ашқан қызды ұзатып, әлеуметтік желіге салғаныма ренжіп, ұрсып жазып жатқандарыңызды түсінемін. Орамал тағып жүрген қыздарды желіде көп сөгіп, сынап кеткен сияқты. Енді ойланып көріңіздерші. Қоғамға қайсысы дұрыс?, - деп жазды ол.

Жазираның жазбасына оқырмандары пікірлерін жаудыртты. Басым бөлігі қазақ қыздары Еуропаға тым еліктемеуі тиіс дейді.

Қатты арабтанбай,тым қатты еуропаланбай өзіміздің қазақы болмыспен жүрген жақсы. Бұл менің жеке ойым. Қызға жайлап түсіндіру керек еді, - деп жазды Гүлзат Маратқызы есімді желі пайдаланушысы.

Басқа оқырмандар Жазираға қолдау білдіріп, әнші болған соң, амалсыз ұзататынын атап өтті.

Ол қыз Жазираны тыңдайын деп тұрған жоқ ау. Ұзатуға барғанда бірақ көрген шығар киімін. Бұлар әнші болған соң, амалсыз ұзатты-ау! Енді келесіде қыздан киіміңіз қандай деп сұрап алу керек шығар. Кеудесін ашпай-ақ, қатты тұмшаланбай-ақ, әдемі қазақ қызының современный образымен шықса да болатын еді. Бақытты болсын енді, - деді Жанар Қанағат.

Өзгелердің жаңалығы