Әнші Салтанат Бақаева қалай арықтағанын айтып берді

9 Ақпан 2024, 01:17
10969
Бөлісу:
Әнші Салтанат Бақаева қалай арықтағанын айтып берді
VIDEO
Фото: instagram.com/saltanat_bakayeva

Әнші Салтанат Бақаева босанғаннан кейін қалай арықтағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Эстрада әншісі, көпбалалы ана, "Арнау" тобының экс-солисі Салтанат Бақаева Instagram-дағы парақшасына видео жариялап, жұртты таңғалдырды. Төртінші баласынан кейін салмақ қосқан әнші арықтап кеткен. 

Өзінің қалай арықтағанын айтқан Бақаева ешқандай дәрі, БАД дегенге сенбеу керек дейді.

Қыздар, арықтау процесінде ең бастысы - тұрақтылық. Егер бір күн режимнен шығып кетсеңіз, бастаған ісіңізді тастап кетпей, келесі күні қайта жалғастырыңыз. Екінші мәселе - тамақ жеп жүрген ыдысыңызды кіші ыдысқа ауыстырыңыз! Ең бастысы денсаулығыңызға зияны тимейтін жол іздесеңіз, ешқандай дәрі, бад дегенге сенбеңіз! Азудың бір ғана жолы - тамақты азайту, қозғалысты көбейту! Мейлі ол 10 000 қадам болсын. Спорттың бір түрі болсын. Бастысы күнделікті үзбей жасайтын болсаңыз, міндетті түрде мақсатыңызға жетесіз!, - деп кеңес берді ол.

Әнші қанттан бас тартқанын, тәтті сусындар ішпейтінін атап өтті. Тіпті, наннан да бас тартқан екен.

Әдетте мен "арықтау процесін" бастағанда өзімді көп нәрседен шектеп тастайтынмын. Есесіне бір-екі күннен кейін өзімді ұстай алмай "аттың басын" жіберетінмін. Бірақ бұл жолы мен басқа жол таңдадым және сол жол мені мақсатыма жеткізді! Мен бұл жолымды 8 желтоқсанда бастадым. Сол кезден бастап күнделікті жейтін нормамды ақырындап азайттым. 2 апта сайын бірнеше тағамнан бас тартыңыз. Мысалы, мен қанттан бастадым! Ешнәрсеге қант қоспаймын және тәтті сусындар ішмеймін. Қазір сок,кола дегенді мүлдем іше алмаймын. Апта өткен соң наннан бас тарттым, - деп түйіндеді өнер иесі.

Өзгелердің жаңалығы