Әнші Қайрат Нұртас: Мен жүрген жолмен жүріп көр

15 Желтоқсан 2023, 21:45
16050
Бөлісу:
Әнші Қайрат Нұртас: Мен жүрген жолмен жүріп көр
Фото: instagram.com/kair_n

Елімізде атақты әнші Қайрат Нұртас Instagram парақшасында жаңа сурет жариялап, көпшілікке арнап жазбасы қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен жүрген жолмен жүріп көр. Жығылып, қайта тұрып көр. Түсінгің келсе, сен мені. Мен болып өмір сүріп көр, - дейді постында әнші.

Әлеуметтік желі қолдаушылары оған жауап жазып, өз пікірін жаудырып жатыр.

"Сен болып өмір сүрсек арман жоқ қой", "Дұрыс айтады, әркімнің өз жолы бар. Біреудің еңбегін көріп тұрып көрмей қалу күнә", "Таза еңбекпен жетті жетістікке, әндерін өзім әрдайым тыңдаймын", - дейді желі қолданушылары.

Осыдан кейін ол екінші пост жариялады.

Көзілдірік кисем де, қатты көремін. Қар жауса аспаннан, Алланың нұры деп, баріңе бақыт тілегенмін! - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін басқа танымал әншінің қарындасы 9 ай жасырып, сүйінші жаңалығын бөліскен еді.

Өзгелердің жаңалығы