Әнші Индира Еділбаева тұрмысқа шықты

9 Тамыз 2023, 01:25
672
Бөлісу:
Әнші Индира Еділбаева тұрмысқа шықты
Фото: instagram.com/indi_edilbayeva/

Танымал әнші Индира Еділбаева әлеуметтік желіде неке қию рәсімінен видео жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін Индира Еділбаева оқырмандарына қуанышты жаңалығын бөлісіп, жігітінің ұсынысына «Мен «иә» дедім» деп жауап бергенін хабарлаған болатын.

Бүгін әнші Индира Еділбаева мен танымал әртістердің менеджері Камалдин Камирдинов некесін қиды. Олар неке қию рәсімінен видео жариялады.

8.08.23 – шексіздік, – деп жазды олар Инстаграм парақшасында.

Әншінің таңдауы "Жабық клуб" ("Закрытый клуб") музыкалық лейблінің директоры Камалдин Камирдиновқа түсті. Камалдин – The Limba, Rusha, Ayau, Liili, Qair, abdr секілді әртістердің менеджері. Ол әртістермен 2014 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Еске салайық, Индира Еділбаева бүкіл Қазақстанға "Голос.Украина" жобасымен танылды. Ол бұл жобада суперфиналға дейін жетті, бірақ басты жүлдені ала алмады.

Өзгелердің жаңалығы