ANOC Бас Ассамблеясының отырысы өтетін мерзім анықталды

17 Маусым 2020, 00:34
1005
Бөлісу:
ANOC Бас Ассамблеясының отырысы өтетін мерзім анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығы ANOC Бас Ассамблеясының өтетін мерзімін мәлімдеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады. 

Аталған іс-шара Сеулде 2021 жылдың 26-27 қазан күндері өтеді. Ал ANOC жүлдесі 26 қазанда табысталады. 
Бізбен бірлесе жұмыс істеген Корея Ұлттық Олимпиадалық комитетіне алғысымыз зор. Аталған жиын олимпиадалық қозғалыстың дамуына серпін беріп, Ұлттық олимпиадалық комитеттердің бірігуіне жол ашады, - деді ANOC бас хатшысы Гунилла Линдберг.

Айта кетелік, ANOC Бас Ассамблеясы Кореяда биыл өтуі тиіс еді. Алайда, пандемияға байланысты тараптар жиынды келесі жылға қалдырды. 


Өзгелердің жаңалығы