Анкарада Абай Құнанбайұлы туралы кітап жарық көрді

15 Қазан 2022, 08:30
1544
Бөлісу:
Анкарада Абай Құнанбайұлы туралы кітап жарық көрді

Абай Құнанбайұлына арналған ұжымдық монография Анкарада ағылшын тілінде басылып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Хабар 24 арнасының хабарлауынша, "Абай Құнанбайұлы сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш" атты ғылыми еңбек те жарыққа шыққан. 

Бұл еңбектер шетелдік қауымға қазақ ойшылы Абай мен оның мұрасын жан-жақты танытуды көздейді. Екі томдық кітап 1889 жылдан 2020 жылға дейін баспасөзде жарияланған барлық еңбектерді толық қамтыған ғылыми басылым. Библиографиялық көрсеткіште 12 мыңнан астам дерек қамтылған.

Бұл абайтанушы ғалымдарға да, жас ізденушілерге де жалпы Абай шығармасына қызыққан халыққа өте қажетті. Бұнда ерекшелігі сол, осы еңбектерге сипаттама беріліп, оның ерекшеліктерін айтуында, - дейді "Абай академиясы" ғылыми-зерттеу институтының директоры Жандос Әубәкір.

Өзгелердің жаңалығы