«Әндетемін» музыкалық кеші өтті 

21 Қазан 2022, 20:38
2020
Бөлісу:
«Әндетемін» музыкалық кеші өтті 
PHOTO

Түркістан қаласында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне орай «Әндетемін» шығармашылық ән-кеші болып өтті, деп хабарлайды аймақтағы BAQ.KZ тілшісі. 

Іс-шараға киелі қаладағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің өнерсүйгіш студенттері мен өзге де өнерлі жастар қатысты. 

«Әндетемін» музыкалық кеші өтті 

Түркістан қаласында жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, кешкі уақыт кезінде жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Керуен сарай»  ойын-сауық кешені  алаңының алдына жиналды. 

«Әндетемін» музыкалық кеші өтті 

Музыкалық кешке жиналған жастар түрлі бағытта ән шырқады. Сонымен қатар, әртүрлі музыкалық аспаптармен қала тұрғындарына және қонақтарға әуенді кеш сыйлады.

Түркістан қалалық «Жастар ресурстық орталығы» басшысының орынбасары Сұлушаш Кенжебаеваның  айтуынша, жастардың бос уақытты тиімді өткізуі тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпалын тигізеді.

Жалпы жастарға керек кезде назар аудара білу, махаббатты қай жаста да көрсете білу, өз көзқарастарының ерекшеліктерін түсінуіне және уақытты тиімді пайдаланудың маңыздылығын түсіндіруіміз керек. Ал уақытты тиімді пайдалану дегеніміз – жақсылыққа ұмтылу. Адам өміріндегі ең қымбат нәрсесі – ол уақыт. Республика күні мерекесі қарсаңында өткен іс-шараға жастар бірауыздан қуана қатысты, - дейді Сұлушаш Пернебайқызы. 

Іс-шара еркін форматта, таза ауада Түркістанның керемет кеші аясында өтті. Көрермендер ел аузындағы ерекше әндерді Түркістан жастарының орындауында қабыл алды.

«Әндетемін» музыкалық кеші өтті 
Өзгелердің жаңалығы