Қанат Мусин Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті төрағасы болып сайланды

2 Қыркүйек 2020, 10:56
1540
Бөлісу:
Қанат Мусин Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті төрағасы болып сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы қызметіне Қанат Мусин сайланды.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы қызметіне депутат Қанат Мусиннің кандидатурасын ұсынамын, - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс спикерінің ұсынысы депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Бүгін Парламент Мәжілісінің алтыншы сессиясы өтуде. Отырыста Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қорытынды әзірлеу жөнінде  мәселе қаралуда.

Мәжіліс төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы 11 басым бағытты жүзеге асыру бойынша жыл соңына дейін бірқатар заңнамалық актіні қабылдау қажет екенін атап өтті.

Президент Жолдауында уақыт талабына сай дамудың басым бағыттарды көрсетіп берді. Бұл бағыттар еліміздегі барлық салаға арналып отыр. Сондықтан осы бастамаларды сапалы заңнамалармен қамтамасыз ету - депутаттық корпустың міндеті, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы