Анар Жарова: Агенттік құзыретін заңнамалық бөлу өз функциясын толыққанды іске асыруға мүмкіндік береді

15 Наурыз 2021, 15:31
1671
Бөлісу:
Анар Жарова: Агенттік құзыретін заңнамалық бөлу өз функциясын толыққанды іске асыруға мүмкіндік береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Facebook-тегі ресми парақшасында «Әкімшілік тәжірибе - сыбайлас жемқорлықты алдын алудың тиімді құралы» тақырыбы аясында өткен онлайн кездесу барысында  агенттік төрағасының кеңесшісі Анар Жарова айтты. 

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтарға келер болсақ, қазір бұл құзыретін бөлу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы аясында әзірленуде. Өткен аптада 11 наурызда Парламент Сенаты осы заң жобасын екі оқылымда қабылдады және біз Мемлекет басшысының қол қоюын күтіп отырмыз. Осыдан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық бойынша толыққанды заңнамалық құзыреті болады, - деді ол.

Анар Қалқаманқызының айтуынша, агенттік құзыретін заңнамалық бөлу әкімшілік сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды анықтау жөніндегі өз функцияларын толыққанды іске асыруға мүмкіндік береді.

Олар қазір Мемлекет басшысының қол қойылған Жарлығымен Агенттік ережесіне ғана бекітілген. Түзетулерге қол қойылғаннан кейін олар заңды күшіне енген кезде агенттік өз арсеналында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті құралдардың барлық спектріне ие болады. Бұл, менің ойымша, біздің қызметімізге оң әсер етеді, - деді агенттік өкілі.

Өзгелердің жаңалығы