Аналар және әкелер күні: Елімізде тағы екі мереке енгізіледі

17 Наурыз 2023, 18:15
1688
Бөлісу:
Аналар және әкелер күні: Елімізде тағы екі мереке енгізіледі
Фото: facebook.com

Қазақстанда мерекелік күндердің тізіміне аналар мен әкелер күні енгізілмекші, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Үкіметі қаулысының тиісті жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Түсіндірме құжатта Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесіне «Аналар күні» мен «Әкелер күні» мерекелерін енгізу Қазақстан Республикасында отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал ететіні жазылған. 

Аналар күні - мамырдың екінші жексенбісі, әкелер күні - маусымның үшінші жексенбісі,- делінген құжатта.  

Қаулы жобасы 5 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. 

Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. 

Өзгелердің жаңалығы