Анадолы астанасында Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған симпозиум өтті

25 Қараша 2023, 14:35
564
Бөлісу:
Анадолы астанасында Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған симпозиум өтті
Фото: gov.kz

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің, Анкара Университетінің, Түркі тарихы және мәдениеті қорының ұйымдастыруымен Анкарада Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдығына арналған симпозиум өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға Қазақстаннан арнайы келген Бейбарыс Сұлтан зерттеу орталығының басшысы Қайрат Сәки, Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығының өкілдері Әшірбек Муминов пен Дженгиз Томар, Анкара қаласындағы Университеттерде Бейбарыс Сұлтанды тереңнен зерттеп жүрген профессорлар Абдуллах Гүндогду, Ильхан Ердем, Мустафа Уйар, Ілияс Гөкхан, дипломатиялық миссия өкілдері, Түркияның зиялы қауымы, жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен студенттері қатысты.

«Түркілердің Алтын Дәуірі: Сұлтан Бейбарыстың өмір сүрген кезеңі» атты симпозиумда Сұлтан Бейбарыстың өмірі, ел басқару жолымен қатар Мәмлүктердің тарихы, мәдениеті, басқа елдермен қатынастары талқыланды.

Қатысушылар Бейбарыс Сұлтан мен Мәмлүк мемлекетін зерттеу тұрғысында мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы