Аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

6 Наурыз 2023, 17:54
1226
Бөлісу:
Аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еске салайық, арыз 24 ақпанда Бәйдібек ауданының ПБ-не түскен еді. Жалпы іздеу жұмыстарына 100-ге жуық адам, соның ішінде полиция қызметкерлері, сүңгуірлер, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары мен жоғалған адамның туыстары жұмылдырылды. 

Тұрғынды ертерек табу мақсатында тіпті дрон пайдаланылды. 

10 күннен соң жоғалған адамның денесі су бетінен табылып, жағаға шығарылды. 

Аталған жайт Бәйдібек аудандық полиция бөліміне ҚР ҚК-нің 001-бабы "Адамның қайтыс болуы" бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы