Аң аулау ережелері өзгерді

19 Сәуір 2023, 14:35
2105
Бөлісу:
Аң аулау ережелері өзгерді
Фото: gov.kz

Ертіс өңірінде үш күннен соң көктемгі аң аулау кезеңі басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық испекциясының басшысы Руслан Түлепбаевтің айтуынша, өңірде аңшылық субъектілерінің келісімімен көктемгі науқан 22 сәуір мен 6 мамыр аралығы болып бекітілді.

Осындай мерзімді қабылдау барысынды аңшылық шаруашылықтарының дайындығы мен су айдындарының мониторингі ескерілді. Облыста 38 аңшылық шаруашылығы болса, олардың 29-да аң аулауға рұқсат беріліп отыр. Бірақ, ерекше қорғалатын нысандарда аң атуға тыйым салынған. Атап кету керек, көктемгі кезеңде үйрек пен құрлардың аталықтарын ғана аулауға рұқсат бар, - дейді Руслан Түлепбаев.

Айта кетейік, аңшылық «Ертіс орманы» мемлекеттік резерваты, Ертіс өзенінің жайылымы, «Қызыл-Тау» қорығы аумағында жүргізілмейді. Құс ату бойынша бұзушылықтар тіркелсе, бір құс үшін 28 745 теңге көлемінде шығын бекітілген. Сонымен қатар, әкімшілік іс қозғалады. Жағдай қайталанса, 70 АЕК көлемінде айыппұл салу жауапкершілігі қарастырылған.

Мамандардың айтуынша, аң аулау ережелеріне өзгерістер енгізілген. Бұған дейін ату қаруын қолдануға 18 жастан асқан азаматтарға рұқсат етілген. Енді аңшылардың жасы 21-ден асу керек. Ал ит немесе құстармен аңға шығуға 14 жастан бастап рұқсат бар.

Бүгінгі күнге дейін құр мен үйректердің аталығы бойынша шектеулер бекітілді. Шамамен 8 мың құс. Сонымен қатар, бұған дейін әр аңшы күніне бес құсты ауласа, енді бұл шектеу алынып тасталды. Мәселен, 20 құсқа жолдама-рұқсат алса, сол көлемде аулауға құқығы бар. Бір жолдаманың бағасын әр шаруашылық өзі бекітеді. Орташа бағасы 13-15 мың теңге, - дейді мамандар.

Өзгелердің жаңалығы