Аң аулағандардың бәрін «жауыз» деуге болмайды – Айтуар Туғанбеков

18 Сәуір 2021, 15:05
2519
Бөлісу:
Аң аулағандардың бәрін «жауыз» деуге болмайды – Айтуар Туғанбеков

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Табиғат» республикалық қауымдастығының вице-президенті Айтуар Туғанбеков Африкада жабайы жираф пен зебраны атып өлтірген әріптестерінің әрекетіне қатысты пікір білдірді. Бейнежазба Instagram-дағы ohotniki_kz парақшасында жарияланды.

Оның айтуынша, желіде пайда болған аң аулау сәтін БАҚ өкілдері іліп әкетіп, әрекетке теріс баға берді. Осыған орай қоғам да аңшылардың бұл әрекетін сынға алды. 

Мені бәрінен де Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі Самал Ибраеваның аңшыларды айыптап, мұны «варварлық» деген пікірі таңқалдырды. Бұл кәсіби тұрғыдан берілген сауатсыз баға, - деді ол.

 Оның айтуынша, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі керісінше аңшылықты дамутаға жауапты ведомство.

Министр Мағзұм Мырзағалиевтің бұл саланы дамыту бойынша берілген тапсырмасы мен саланың проблемаларын жоюға бағытталған  заң жобасының дайындалып жатқанына қарамастан министрлік өкілінің тарапынан, тіпті жеке пікір ретіндегі комментарийі де бұрыс болды,-деді ол.
Оның айтуынша, көптеген адамдардың аңшылық, жануарлар биологиясы, табиғатты пайдалану жайлы терең түсінбейді. Тіпті табиғатқа немқұрайлы қарайды. Соған қарамастан жазу керек болған соң теріс пікір білдіре салады.
Елде 200 мыңнан астам аңшылықпен айналыстан жандар бар. Олар мемлекеттің қолдауынсыз елдегі жануарлар әлемінің 80 пайызын сақтай отырып, өз істерімен айналысады. Олардың бәріне «жауыз» деген баға берілді.Тіпті халықаралық табиғатты сақтау одағы да аңшылықты табиғатты сақтаудың құралы екенін айтқан. Аңшылық сирек жануарларды жоюды көздемейді. Біреуді кінәламас бұрын мәселені зерттеп алу керек, - деді ол.

Оның айтуынша, қауымдастық аңшылардың құқығының тапталуына жол бермейді.

Бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметкері Самал Ибраева өзінің  facebook-тегі парақшасында Африкада аң аулаған аңшылардың әрекетіне қатысты пікірін білдірген болатын.

Достар, отандастарымыздың Африкада зебра мен жирафты өлтіруі қоғамда қызу талқыға салынды. Әрине, оның себебі де бар. Ежелден аңдарды отбасын асырау үшін аулаған. Алайда біз көрген аңшылық көңіл көтеру үшін жасалған іс, оның үстіне бұл әрекет кезінде олардың қуаныштары қойындарына сыймай жүр. Дұрыс адамдар мұны ешқашан қабылдай алмайды, жиіркеніш пен ең жағымсыз сезімдер орын алады, - деп жазды ол.

Оның пікірінше, бейкүнә аңдарды осындай варварлық пен қатыгездіктен сақтау үшін дамыған елдерге жануарларды қорғау туралы заң қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын желіде Африкада аң аулаған қазақтардың бейнежазбасы тарады. Видео қоғам тарапынан қатты сынға алынды.


Өзгелердің жаңалығы