Анықтама
Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы
2642Қазіргі лауазымы: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы
Туған жылы: 1977 жылғы 1 қазанда туған.
Білімі: Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген,
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын мемлекеттік қызмет менеджері мамандығы бойынша тамамдаған.
Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушысы болып жұмыс істеген, ҚР Мәдениет министрлігінің ақпараттық-талдау бөлімін, жастар ұйымдарымен жұмыс істеу бөлімін басқарған.
2003-2009 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы, әлеуметтік-саяси бөлімнің сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2009-2012 жылдары «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.
2012-2014 жылдары ҚР Дін істері жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары,
2014-2016 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы,
2016-2017 жылдары ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымдарын атқарды.
2017 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі болып еңбек етті.
2019 жылдың сәуір айынан бастап Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасына басшысы
2019 жылдың қазанынан бастап Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту департаменті директоры
2020 жылғы мамырдан қазірге дейін ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары болды.
2021 жылғы 26 наурызда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.