Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы
Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Әлеуметтік желілерде:
- Туған жылы: 19.05.1964 жыл
- Білімі: 1986 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша аяқтады.
- 2000 жылы Санкт-Петербор экономика және қаржы мемлекеттік университетін тәмамдады, экономика ғылымдарының кандидаты.
- Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.
Өзінің еңбек жолын 1985 жылы А. П. Завенягин атындағы Норильск тау-кен металлургия комбинатының Жез балқыту зауытында балқытушы мамандығынан бастады.
1986-1991 жылдар аралығында – Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, ауысым шебері, аға шебері, бас инженері, бөлім бастығының орынбасары.
1991-1995 жж. – ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің жүйесінде қызмет атқарды; «Казметаллэкспорт» республикалық сыртқы экономикалық кәсіпорынның «Черметэкспорт» бас маманы, директоры; «Қазақстан Сауда» сыртқы сауда компаниясының бас директорының бірінші орынбасары.
1995-1996 жж. – «Қарағанды металлургиялық комбинаты» МАҚ бас директорының бірінші орынбасары (Теміртау қ.).
1996-2006 жж. – кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
2006 -2007 жж. – РФ-ғы ҚР Елшілігінің Кеңесшісі, Кеңесші-уәкілі (Мәскеу қ.).
2007-2008 жж. – ИИР-да ҚР Елшілігінің Кеңесші-уәкілі (Тегеран қ.).
2008-2010 жж. – Майндағы Франкфурт қаласындағы ҚР Бас консулы (Германия).
2010-2012 жж. – Малайзия, қосымша Филиппин Республикасы, Индонезия Республикасы, Бруней-Даруссалам сұлтандығында ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2012 ж. қарашадан бастап – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы.
2014 ж. тамыз - 2015 ж. тамыз – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы.
2015 ж. тамыз - 2016 ж. қазан – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
2016-2018 жылдары – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.
2018-2019 жылдары Қазақстар Республикасының Сыртқы істер министрі
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
2022 жылы 31 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 00:33
- Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 27 қыркүйектегі жарыс кестесі 26.09.2026
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 26.09.2026
- Қазақстандық спортшы парадзюдодан әлем чемпионы атанды 26.09.2026
- Астанада жасөспірім аялдамаға зақым келтіргені үшін жауапқа тартылды 26.09.2026
- Үсік, тұман және найзағай: 27 қыркүйекте барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 26.09.2026
- Жезқазған вокзалының аумағы жаңғыртудан кейін төрт есеге ұлғайды 26.09.2026