Алматы әуежайында бір адам қаза тапты

11 Қараша 2026, 11:51
АВТОР
 advantour.com 11 Қараша 2026, 11:51
11 Қараша 2026, 11:51
91
Фото: advantour.com

Алматының халықаралық әуежайында адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Көліктегі Полиция департаментінің мәліметінше, абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбектi қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, қаза тапқан адам әуежай қызметкері болған. 

Наверх