Испанияның Овьедо қаласында рюкзакқа жасырылған қолдан жасалған құрылғы жарылып, полиция қызметкері қаза тапты. Тағы бір полицей ауыр жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.
Сондай-ақ жарылыс салдарынан қызметтік ит те мерт болды.
Полиция мәліметінше, сейсенбі күні таңертең құқық қорғау органдарына көршілер арасындағы жанжал туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген олар оқ тиген әйелді анықтап, күдіктіні іздестіре бастады.
Аумақты тексеру кезінде полицейлер күдікті рюкзакты тауып, саперлер мен кинологтарды шақырған. Жарылыс мамандар құрылғыны тексеріп, үй тұрғындарын қауіпсіздік мақсатында сыртқа шығарып жатқан кезде болған. Сапер ауыр жарақат алды.
Сонымен қатар Дени есімді қызметтік ит те қаза тапты. Оқ тиген әйел мен зардап шеккен полицей ауруханаға жатқызылды.
Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.
Тағы оқи отырыңыз:
Астана ғимаратына «бомба қойылды» деп хабарлаған жасөспірім Украинада ұсталды
Бомба іздеу: Ақтаудағы ірі сауда орталығы қоршауға алынды
Шымкент – Астана бағытындағы ұшақта сөмкемде бомба бар деп әзілдеген жолаушы қамауға алынды