Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы
Қазіргі лауазымы:
Әлеуметтік желілерде расталған аккаунттары: https://www.facebook.com/profile.php?id=100005127121752
Туған жылы: 1961 жылы
Туған жері: Целиноград облысы, Қорғалжын ауданы, Жантеке селосында туған.
Білімі: Целиноград ауылшаруашылығы институтын бітірген.
Отбасылық жағдайы: Үйленген, төрт баласы бар.
Еңбек жолын 1983 жылы Қорғалжын кеңшарында механик ретінде бастаған.
1983-1987 жылдар аралығында – Қазақстан ЛКЖО Қорғалжын аудандық комитеті Қорғалжын кеңшары космсомол комитетінің хатшысы.
1987-1990 жылдар аралығында – Қазақстан Компариясы Қорғалжын аудандық комитеті идеология бөлімінің нұсқаушысы.
1990-1992 жылдар аралығында – Қазақстан ЛКЖО Қорғалжын аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
1992-1994 жылдар аралығында – Қарағанды облысы Теңіз аудандық әкімшілігі мәдениет бөлімінің меңгерушісі.
1994-1997 жылдар аралығында – Қорғалжын аудандық әкімшілігі жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі, мәдениет бөлімінің меңгерушісі.
1997-1998 жылдар аралығында – автомобилге жанар-жағар май құю стансасының механигі.
1998-2001 жылдар аралығында – Ақмола облыстық «Сұңқар» әскери-техникалық лицейының взвод командирі, директордың әскер-техникалық дайындық жөніндегі орынбасары.
2001-2002 жылдар аралығында – Дружба орта мектебі директорының әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі орынбасары.
2002-2003 жылдар аралығында – аудандық білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық және спорт жөніндегі әдіскері.
2003-2005 жылдар аралығында – Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының бас маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бастығы.
2005-2011 жылдар аралығында – Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің аппарат басшысы, хатшысы.
2012 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы, Қазақстан Халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.
- Қазақстанда электр энергиясын жинақтау жүйелері енгізілмек: Бұл нені өзгертеді? 12:45
- Ғылыми идеядан өндіріске дейін: Қазақстан ғылымында не өзгеруі мүмкін? 12:40
- Астана әуежайына бомба туралы хабарлама түсті: Полиция қылмыстық іс қозғады 12:32
- «Қызыл-Жардың» экс-президенті Григорий Лория іздеуде: Оған қандай айып тағылды? 12:29
- Испанияда рюкзакқа жасырылған бомба жарылып, полицей мен қызметтік ит қаза тапты 12:14
- Ғылымды коммерцияландыру көрсеткіші 44 пайыз деп көрсетілгенімен, нақты деңгейі 16 пайыз ғана – Смайылов 11:52
- Алматы әуежайында бір адам қаза тапты 11:51