Ақсақалов Құмар Іргебайұлы
Қазіргі лауазымы: Қостанай облысының әкімі
Әлеуметтік желілерде: https://www.facebook.com/qumaraksaqalov
Туған жылы: 24.10.1965 жыл
Туған жері: Қостанай облысы
Білімі: 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң инженерлерi институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған.
Экономика ғылымдарының кандидаты.
1987-1989 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженерi болды.
1989-1991 ж.ж. — Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетiнiң бiрiншi хатшысы.
1991-1992 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженерi.
1992-1993 ж.ж. — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттiк шағын кәсiпорнының директоры.
1993-1996 ж.ж. — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi директорының орынбасары.
1996-1998 ж.ж. — Қостанай облысы Меңдiқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президентi.
1998-2002 ж.ж. — Қостанай облысы Меңдiқара ауданының әкiмi.
2002-2004 ж.ж. — Қостанай облысы Таран ауданының әкiмi.
2004-2006 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы.
2006-2010 ж.ж. — Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасары.
2010-2015 ж.ж. — «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы.
2015-2017 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары.
2017 жылғы 14 наурыздан 2022 жылғы 30 қарашаға дейін — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды.
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 00:33
- Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 27 қыркүйектегі жарыс кестесі 26.09.2026
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 26.09.2026
- Қазақстандық спортшы парадзюдодан әлем чемпионы атанды 26.09.2026
- Астанада жасөспірім аялдамаға зақым келтіргені үшін жауапқа тартылды 26.09.2026
- Үсік, тұман және найзағай: 27 қыркүйекте барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 26.09.2026
- Жезқазған вокзалының аумағы жаңғыртудан кейін төрт есеге ұлғайды 26.09.2026