Жетісу облысында ардагерлерге 296 млн теңге төлемақы беріледі
Біржолғы материалдық көмекті 2 мыңнан астам адам, соның ішінде өңірдегі жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері алады.
Жетісу облысында Жеңіс күні қарсаңында 2034 адам біржолғы материалдық көмек алады. Төлемдердің жалпы сомасы 296 млн теңгені құрайды. Қаражат ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтарды қолдауға арналған.
Өңірлік биліктің мәліметінше, бүгінгі таңда облыста Ұлы Отан соғысының бір ғана ардагері - Ысқақ Құсайынов тұрады. Оған 5 млн теңге көлемінде біржолғы көмек беріледі.
Басқа санаттарға берілетін төлемдер
Сонымен қатар, «Ардагерлер туралы» заңға сәйкес тағы сегіз санаттың өкілдері материалдық көмек алады.
Олар үшін төлем мөлшері мәртебесіне байланысты 112,4 мың теңгеден 216,2 мың теңгеге дейінгі аралықты қамтиды.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысындағы соңғы соғыс ардагеріне 5 млн теңге берілетіні хабарланды.
Сондай-ақ, 5,5 миллион теңге сыйақы алатын Қызылорда облысында бір ғана ардагер қалғаны айтылды.
Тағы оқи отырыңыздар:
2026 жылы Қазақстанда әскери парад өте ме? – Қорғаныс министрлігі жауап берді
Қазақстанда 7 және 9 мамыр қалай аталып өтеді: Қорғаныс министрлігі түсіндірді
1 мамыр – демалыс: Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?