Бүгiн 2026, 15:37 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Жанабыловтар ісі: Эльмира Төлегенова сотқа келмеді 

Жанабыловтар ісі бойынша сотта Эльмира Төлегенова келмеді. Қорғаушысы мұны денсаулығымен түсіндірді. Сот қандай шешім қабылдайды?

Астанада блогерлер ісіне қатысты өтіп жатқан сотта айыпталушы Эльмира Төлегенова бүгінгі сот отырысына келмеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Төлегенованың және оның жұбайы Ерболат Жанабыловтың қорғаушысы Гаухар Айтжанова сотқа келмеу себебі денсаулық жағдайына байланысты екенін айтады.

Төрағалық етуші судья екі сағатқа үзіліс жариялады. Осы уақыт ішінде қорғаушы тарап Төлегенованың денсаулығына қатысты мәселелерді растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс. Болмаған жағдайда, Төлегенова сот отырысына онлайн режимде қосылуы қажет.

Еске салсақ, кешегі, яғни 2026 жылғы 22 сәуірде өткен сот отырысында айыпталушылардың адвокаты куәгер-тергеуші Абзал Әлімхановтан жауап алып, ақша қозғалысы мен банк шоттарына қол жеткізуге қатысты айыптау уәждеріне күмән келтірді. 

Жанабылов ісінде 100 млн теңге қаржы қалай жұмсалғаны айтылды.

Бүгінгі сот жарыссөздері барысында мемлекеттік айыптаушы оларға мүлкін тәркілеумен қатар нақты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сондай-ақ, прокурор Олжас Хайруллаев Жанабыловтар ісі блогерлерге сабақ болуы тиіс екенін айтты.

Тергеуші Жанабыловқа жала жабу бабы бойынша іс қозғауы мүмкін екенін ескертті.

Тағы оқи отырыңыздар:

"Біреуге жай айыппұл, енді біріне сот". Жанабыловтардың адвокаты не дейді?