Трамп Сауд Арабиясының, Түркия мен Пәкістанның қорғаныс саласындағы келісімін қолдады
АҚШ Президенті Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістанның жақында Меккеде бірлескен қорғаныс туралы келісімге қол қойғанына өте қуанышты екенін айтты.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістанның бірлескен қорғаныс келісімін үлкен әрі маңызды қадам деп атады, деп хабарлайды BAQ.KZ Truth Social желісіне сілтеме жасап.
«Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістанның жақында Меккеде бірлескен қорғаныс туралы келісімге қол қойғанына өте қуаныштымын. Бұл Таяу Шығыстың қалай бірігіп жатқанын және елдердің өздерін бұрынғыдан да тиімдірек қорғай алатынын көрсетеді», – деп жазды Дональд Трамп.
АҚШ Президенті сондай-ақ бұл елдердің басшыларын құттықтады.
«Бұл – үлкен, батыл әрі маңызды алғашқы қадам», – деп қосты Трамп.
Еске салайық, бұған дейін Трамптың отбасына криптобанк құруға алдын ала рұқсат берілгені хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
«Артық төлеуге тура келеді»: Трамп америкалықтарды бензин бағасының өсуіне дайын болуға шақырды
АҚШ-тың Индиана штатындағы су тасқынынан кемінде 7 адам қаза тапты