Бүгiн 2026, 16:42 Фото: Ақорда

Тоқаев ТМҰ+ форматына қатысты жаңа бастама көтерді

Президент нақты талаптар жайлы айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы+ форматы аясындағы ынтымақтастықты кеңейтуді қолдайтынын айтып, оған қосылғысы келетін мемлекеттер мен ұйымдарға арналған нақты критерийлер болуы керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сонымен қатар Қазақстан Ресейдің «Алтай – түркілердің ата жұрты» жобасын қолдап, Трансалтай диалогын құруды ұсынды.

Біз Ресейдің «Алтай – түркілердің ата жұрты» жобасын қолдадық. Сондай-ақ Трансалтай диалогын құру жөніндегі ұсынысымызды жарияладық. Еліміз ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған Түркі мемлекеттері ұйымы+ форматын құру бастамасын қолдады. Меніңше, бұл форматқа қосылғысы келетін мемлекеттер мен ұйымдарға қатысты белгілі бір критерийлер болуы керек, – деді Тоқаев Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінің ашылуында сөйлеген сөзінде.

Еске салайық, Түркістанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен түркі мемлекеттері көшбасшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді.

Президент Қазақстанда «Digital Qazaqstan» ауқымды стратегиясы бекітілетінін айтты. 

Тоқаев Turkic AI орталығы ашылатынын хабарлады

Саммитте Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық база жасалатыны айтылды.