Сот отырысына ОСИ қорғаушысы келмеді: Судья оның әрекетін құрметсіздік деп бағалады
Белгіленген уақытта сотталушының қорғаушысы, адвокат Ислямбекұлы сот залына келмеген. Сонымен қатар адвокат өзінің сот отырысына қатыса алмайтыны туралы алдын ала ескертпеген.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысында судья Меруерт Абаева айыпталушы Сәуле Жұбаниязованың адвокаты Дәурен Ислямбекұлына қатысты жеке қаулы шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Судьяның айтуынша, 20 тамызда сот отырысында жәбірленушіден жауап алуды жалғастыру үшін сағат 15:00-ге дейін үзіліс жарияланған. Процеске қатысушылардың барлығы сот отырысына уақытылы келуі тиіс екені туралы тиісті түрде хабарланған.
Алайда белгіленген уақытта сотталушының қорғаушысы, адвокат Ислямбекұлы сот залына келмеген. Сонымен қатар адвокат өзінің сот отырысына қатыса алмайтыны туралы алдын ала ескертпеген.
Адвокат Ислямбекұлы сот отырысына келмеді және өзінің келмейтіні туралы сотқа алдын ала хабарламаған. Ол сот отырысының хатшысына телефон арқылы басқа процесте болатынын ауызша хабарлаған, – деді судья Меруерт Абаева.
Сот адвокаттың бұл әрекетін сот отырысының өтуіне кедергі келтіріп, процесті негізсіз созу деп бағалады.
Судья «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң талаптарына сәйкес адвокаттың кәсіби мінез-құлық нормаларын сақтауға, сот пен процеске қатысушыларға құрметпен қарауға және істі қасақана созуға жол бермеуге міндетті екенін атап өтті.
Сот адвокат Ислямбекұлының өз әрекетімен кәсіби мінез-құлық нормаларын бұзғанын, адвокаттық әдеп шегінен шыққанын және сотқа, сондай-ақ басқа да процеске қатысушыларға құрметсіздік танытқанын санайды, – деді Меруерт Абаева.
Осыған байланысты сот Астана қаласының заң консультациясы президиумы мен Астана қаласы Әділет департаментіне адвокаттың әрекеттері туралы хабарлап, тиісті шара қабылдауды тапсырды.
Сот жеке қаулының қаралу нәтижесі мен қабылданған шаралар туралы бір ай ішінде хабарлауды міндеттеді.
Қаулыға 15 тәулік ішінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты арқылы Астана қаласының сотына шағым немесе наразылық келтіруге болады.
Еске сала кетейік, сотта айыпталушыны екі адвокат қорғап жатыр.
Еске салсақ, Астана қаласының ауданаралық сотында фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс бойынша жәбірленуші Әділет Зейнел қайғылы оқиғадан кейін отбасы алған материалдық көмек туралы айтып берді. Оның сөзінше, бұрынғы жұбайы қайтыс болғаннан кейін оларға 20 млн теңге қолма-қол берілген.
Сондай-ақ, Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерінің қауіпсіздігіне қатысты мәселе өзекті болып отыр. ОСИ қауымдастығының жетекшісі Ерлан Карбаевтың айтуынша, тұрғын үй қасбетінің құлауына оны қабырғаға дұрыс бекітпеу себеп болуы мүмкін.
Тағы оқи отырыңыз: «Әзіл шығар деп ойладым»: Ұлдана Мырзуанның күйеуі сотта сол күнгі оқиғаны айтып берді
Ұлдана Мырзуан ісі: Айыпталушының адвокаты сотқа қарсылық білдірді
Адвокат судьяға қарсылық білдірді: Астана соты өтінішті қанағаттандырудан бас тартты