Шерзат ісі: Сотталушылардан апелляциялық шағымдар түсті – адвокат

Шерзат Болат ісіндегі жәбірленушілердің адвокаты Мейірман Шекеев сотталушылардан апелляциялық шағым түскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, сотталушылардан апелляциялық шағымдар түскен. Сонымен қатар 2 қызға және 2 жігітке қатысты шыққан соттың жеке қаулысына да жеке шағым түскен.

Апелляциялық шағым түсті, 21 маусым күні түпкілікті үкім шықты. Қазіргі уақытта сол күннен бастап және сотталушылар үкімді қолына алған күннен бастап 15 тәулік мерзімде шағым түсіруге мүмкіндігі бар. Бүгінде білуімізше, сотталушылардың өзінен және қорғаушыларынан, Шыңғыс Белғожаев және Думан Ысқақтан басқасының бәрінен апелляциялық шағым түскен. Болашақта біз хабардар етіп отырамыз, соттың қаралу күнін, – деп айтты Мейірман Шекеев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2025 жылғы 5 маусым күні Шерзат Болат ісі бойынша 9 сотталушыға үкім шықты. Ал мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай марқұм Шерзат Болатты тірі болуға лайық еді деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Шерзат ісі бойынша қоғамда үрей бар екенін айтты.

Адвокат Жұмат Әбенов резонансты мәлімдеме жасап, халықты сабырға шақырды. Бүгінгі сот отырысының соңында ол айыпталушы Абзал Шынасылдың шынайы болғанын, бірақ бір сәттік сенгіштігі өзіне кері әсер етіп, істі мойнына ала салғанын айтты.

Белгілі болғандай, Шерзаттың өліміне тікелей себеп болған соққыны Абзал Шынасыл жасаған.

9 маусымда Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандардың мерзімінен бұрын шартты босауы туралы сұраққа жәбірленуші тараптың құқығын қорғаған адвокат Мейірман Шекеев жауап бергенін хабарладық.

Жоғарғы сот Шерзат Болат ісінің трансляциясына нүкте қойды. Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот процесінің үкімі 5 маусым күні оқылып, үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Процесс басталғаннан бері Жоғарғы соттың тікелей эфирін ұйымдастырған түсірілім тобы үшін бұл күн ерекше ауыр және эмоцияға толы болды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Перизат Сәдуақас-Хайруллина мәлімдеген болатын.

Бұған дейін Қазақстанда сотталғандарға рақымшылық жасалуы мүмкін екенін жаздық. Белгілі болғандай, Қазақстанда 18-ге толмаған 75 бала түрмеде жазасын өтеп жатыр.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи "Жемқорларға рақымшылық жасала ма?" деген сауалға жауап берді.

ІІМ басшысы марқұм Шерзат Болаттың үйін өртеу және Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты істер туралы мәлімет беріп, тың дерек айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы